Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында "Түнгі сот" пилоттық жобасы қолға алынбақ. Пилоттық жобаны енгізу қажеттігі жол қозғалысы ережелерін бұзу нәтижесінде көлік құралдарына зиян келтіру немесе өзге мүлікке материалдық шығын келтіруге, сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, ұсақ бұзақылыққа қатысты істердің көбеюіне байланысты туындаған, деп хабарлайды otyrar.kz.
Шымкентте енді "түнгі сот" жұмыс істейтін болады. Мұндай пилоттық жоба облыстық сотта қолға алынған. Жол ережесін бұзу, ұсақ құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық зомбылық сияқты қылмыстар санының көбеюі осындай бастамаға сеп болған. Былтыр осы санаттағы істер саны 735 болса, оның 252-сі түнгі уақытта орын алған.
"Түнгі сот" жобасы осы санаттағы істерді қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Тәжірбиеге сүйеніп, түнгі не кешкі уақытта орын алған құқық бұзушылық полициядан сотқа келіп түседі. Одан он бес күн қарау мерзімі бар. Қаулының күшіне ену үшін тағы он күн қажет. Осылайша, екі айға дейін бір істі қарау ұзап кетеді. Тәжірбеиге сүйенсек, бұл санаттағы істер бірінші сатыда — ақ шешімін тауып кетеді. Сирек жағдайда ғана апелляциялық шағымдар келтіріледі. Жоба істі қарау мерзімін қысқартып, дер кезінде азаматтардың құқығын қорғау шараларын қолға алуға мүмкіндік береді" - дейді облыстық соттың судьясы Виталий Мирошников.