Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген

354

Бүгінгі таңда 36 мыңнан астам азамат автокөлік салығын төлемей жалтарып жүр.  

Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген Фото: pixabay

Қордаланған қарыздарды өндіру мақсатында шаһарда арнайы рейдтік тексерістер басталды, деп жазады inbusiness.kz qazaqstan.kz-ке сілтеме жасап.

Берешегіне қарамай Шымкент көшелерінде жүйіткіп жүрген автокөліктер осылай жол полицейлерінің құрығына ілігуде. Полиция департаментінің жедел басқарау орталығы салықтан сытылып кеткісі келгендерді ақпараттық база арқылы бірден анықтап беруде. Сондай-ақ "Сергек", "Интегра" және "Қорғау" жүйесі арқылы да айыппұл төлемегендер құрыққа ілініп жатыр. Жалпы Шымкент қаласы бойынша салық департаментінде 300 мыңдай автокөлік тіркелген. Оның 36 мыңы астамы өткен жылғы салығын төлемеген.

Салық төлеушілерге хабарлама жолданған берешегі бар екендігі туралы. Олар заңға сәйкес 30 жұмыс күні ішінде орындамаса салық бұйрығы қалыптастырылады. Әрі қарай оны да орындамаса салық бұйрығы жеке сот орындаушыларға жолданады. Мәжбүрлеп өндіруге, деді қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің Бас маманы Аббасхан Сейдахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу