Шымкентте 1-8 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді

407

Оған шаһардағы ауа райының қолайсыздығы себеп. 

Шымкентте 1-8 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді Фото: Хабар 24

10-11 қаңтардан бастап Шымкентте 1-8 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жаннат Тажиева хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Тиісті бұйрыққа енді ғана қол қойылғандықтан, бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа барған.

"Қазгидрометтен дауылды ескерту туралы хаттың келуіне сәйкес, 10 қаңтарда Шымкентте қалың қар, тұман, көктайғақ күтілуде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 10-11 қаңтарында жалпы білім беру ұйымдарының 1-8 сынып оқушыларына қашықтықтан оқыту ұйымдастырылады, ал 9-11 сынып оқушылары оқуын дәстүрлі форматта жалғастырады. Оған Шымкент қаласы білім басқармасының бұйрығы негіз болып отыр", - деп атап өтті ведомство.

Айта кету керек, Шымкентте кешеден бері қар толастамай жауып жатыр. Ауа райының қолайсыздығы коммуналдық қызметтер үшін жолдар мен тротуарларды қардан тазалауға қиындық туғызуда. Түнде термометр бағаны 11 қаңтарда -21, ал 12 қаңтарда минус 23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу