Шымкентте 1 сәуірде жылыту маусымы аяқталады

100

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте 1 сәуірде жылыту маусымы аяқталады Фото: inbusiness.kz

"Шымкент қаласында көктем мезгілінің басталуына және ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымын 1 сәуірде аяқтау жоспарланып отыр", – делінген ресми хабарламада.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, қызмет сапасын арттыру мақсатында тұрғындардың өтініштері негізіндегі тиісті жұмыс жыл бойы жалғаса береді.

Сонымен қатар әкімдік сыртқы жылыту жүйелерін жөндеу немесе профилактикалық жұмыс жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу