Шымкентте 10-ға жуық полиция қызметкері жарақаттанды

1598

Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктен 10-ға жуық кәсіпкерлік нысанға зиян келген.  

Шымкентте 10-ға жуық полиция қызметкері жарақаттанды

Сондай-ақ 10-ға жуық полиция қызметкері жарақаттанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде қаладағы қиратылған кәсіпкерлік нысандарының шығыны есептеліп жатыр. Ал коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері қаланы тазартуда.

"Зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарының баршасы да ереуілшілер жүріп өткен А. Байтұрсынов, Д. Қонаев, Арғынбекова көшелерінің бойында орналасқан. Кейбірінің есік-терезесі сынса, ал кейбірінің ішіндегі тұтыну тауарларын алып кеткен. "Метро" дүкенінің ішінде өрт шыққан. Дегенмен дер кезінде сөндірілді. Ғимаратқа да зақым келген. Автотехника мен кеңселер қиратылған. Шығын көлемі нақтылануда", – деді "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы Шымкент филиалының директоры Нұрлан Кабиштаев.

Бүгін таңертең бас қосқан шымкенттік кәсіпкерлер бизнесті қорғау, бұзақылыққа жол бермеу мақсатында уағдаласып, полицияға көмек көрсете бастады. Тәулік бойы қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларын тегін тамақпен қамтуда. Қаладан шыға беріс қақпалары мен әкімшілік ғимараты орналасқан аймаққа блок посттар қойылған. Қалаға кіріп шығатын көліктер жіті тексерілуде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу