ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жобалық кеңсемен бірлесе, 6-10 мамыр аралығында Шымкент қаласында "адалдық дүкендерінің" жұмыс істеуіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды otyrar.kz.
Мониторинг нәтижелері Integrity Shop жобасының жүзеге асырылуы қала ұйымдарында сәтті іске асырылғанын көрсетіп, сатып алушылар арасында жақсы пікір қалдыруда.
Шымкент қаласында сатушысыз алғашқы дүкен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде ашылған болатын. Қазір қалада 100-ден астам мектепте, 10 колледжде, ЖОО-ларда және басқа да ұйымдарда "Адалдық дүкені" бар.
"Адалдық дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда азаматтар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өзіне қызмет көрсетеді.