Шымкентте 100 жасқа толған әжей пневмониядан жазылып шықты

1102

Екі ғасыр куәсі болған қарт тұрғын дәл туған күнінде ауруханадан шығарылды.

Шымкентте 100 жасқа толған әжей пневмониядан жазылып шықты

Шымкенттік Қызтай Дүйсенбекова қаладағы "Асар" шағындауданында орналасқан  жұқпалы ауруханасына 7 қыркүйек күні жәдел жәрдем көлігімен жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, әжейдің жағдайы  ауыр болған. Дәрігерлер науқасқа шұғыл түрде өкпенің компьютерлік томографиясын жасаған. Әжейдің өкпе тінінің 55% зақымдалғаны анықталды. Бұған қоса науқасты асқазанындағы жарасы мазалаған.

Аурухана жатқызылған әжейге вирусқа қарсы емдік шаралары жүргізіліпті. Емдеуші дәрігер Ләззат Тіленшинаның сөзінше, 10 күн ем қабылдаған.

Дәрігерлер науқасты бөлімшеге жатқызып, вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізді. Соның нәтижесінде қарт ана толығымен айығып, дәл туған күнінде ауруханадан үйіне шықты. Қарт тұрғын пен оның туыстары ақ халаттыларға  алғысын жаудырып, батасын берді.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу