Шымкентте 11 жасар қыз өзенге батып кетті

1311

Аяғы құбырдан тайып өзенге құлады.

Шымкентте 11 жасар қыз өзенге батып кетті

Шымкентте Бадам өзенінде оқыс оқиға орын алып, оқушы қыз көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Куәгерлердің айтуынша, қыз судың үстіндегі құбырда отырып, абайсызда тайып кеткен.

"2011 жылы туған қыз абайсызда өзеннің үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кеткен. Қайғылы жағдай Еңбекші ауданы, Қарабастау тұрғын үй алабында болды", – деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар қыздың денесін оқиға орнынан бірнеше шақырым жерден тауып алып, судан шығарып, туыстарына тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу