Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды

133

Атап айтқанда, кейбір жеке сот орындаушылары еңбек демалысында болған кезеңде олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған фактілер тіркелген.

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды Фото: gov.kz

Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан заң бұзушылықтар анықталып, 12 сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қадағалау органы жеке сот орындаушыларының борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастағанын, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді заңсыз қозғағанын анықтаған. 

– Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты ҚР Әділет министрінің атына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Ұсынысты қарау нәтижесінде 85 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, олардың бірқатарына қатысты жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиядан айыру туралы сотқа талап қою жолданды.

ҚР Әділет министрлігінің талап қоюы сотта қанағаттандырылып, нәтижесінде 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген, – деп жазды прокуратурадан.

Прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын тұрақты түрде қадағалайтынын және мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту бойынша тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу