Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон аударылып қалды

1205

5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.

Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон аударылып қалды

2020 жылғы 24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының теміржол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып (вагондар бос, құрамында 21 вагон болған), аударылған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер еткен. Алдын-ала мәліметтер бойынша 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, "ҚТЖ" АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу