Қаралы оқиға тамыз айында тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгінде оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.
Тексеру кезінде тойханада еңбек заңнамасының талаптары бұзылғаны да анықталып отыр. Осыған байланысты мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
– Жасөспірімнің өлімі жүректің бірден тоқтауына байланысты болған. Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.
13 жастағы жасөспірім Шымкенттегі тойханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген көрінеді. Әлеуметтік желілерде көпшілік "энергетикалық сусынды көбірек ішкеннен болуы мүмкін" деген жорамал жасап жатыр. Сондай-ақ, марқұм отбасының жалғыз ұлы деген де деректер айтылуда.