Шымкентте 14 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

986

Шымкентте 14 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Шымкентте 14 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Соның биыл 5 мыңына жолдама беріледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық білім бөлімі ұйымдастырған ашық есік күні шарасында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға кезекке қою және жолдама беру шарасына ата-аналар мен сала мамандары шақырып, өзара пікір алмасты. Балаларды кезекке қоюдың тәртібі түсіндірілді.

Айта кетейік бүгінде шым шаһарда 385 мектепке дейінгі мекеме бар болса, оның 88-і ғана мемлекеттік. Ал, 271-і - жекеменшік саналады. Қалған 26 балабақша - мектеп жанындағы шағын орталықтар. Қазір бұл мекемелерде 53 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Бүлдіршіндерді бақшамен қамту көрсеткіші  87, 7 пайызды құрайды. Алдағы 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға орындалады деген жоспар бар.

Бақша кезегінде тұрғандарға  жеңілдіктер тек арнайы топ өкілдеріне беріледі екен. "Мүгедектердің балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасының балалары, жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың балалары ғана осындай  жеңілдіктерге қол жеткізіп, кезектің алдыңғы қатарына шығарылады",-дейді Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлзина Уәлиханова. Жалпы, жаңа ақпараттық жүйе сала жұмысын бір ізге түсірді.

Тұрғындар балаларын кезекке электронды жүйеде тіркейді. Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі мекеме жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде ата-ана мен қызмет көрсетуші арасында байланыс кеміп, сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіледі. Қағазбастылыққа да шектеу қойылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу