Себебі, қаладағы білім ошақтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күзет агенттіктерінің басым бөлігі 1-наурыздан бастап жұмысын тоқтатқан.
Басты себеп - осы салаға бөлінетін бюджеттің аздығы. Мардымсыз жалақыға жұмыс істегісі келмейтінін агенттіктер басқармаға өткен жылдың соңында ескерткен. Бірақ, арада екі ай өтсе де, қалалық білім басқармасы мәселені шеше алмаған. Салдарынан қазір қаладағы 147 білім ошағы күзетсіз, 500-дей күзетші жұмыссыз отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу