Шымкентте 15 кәсіпкердің есепшоты заңсыз бұғатталған

304

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлайды. 

Шымкентте 15 кәсіпкердің есепшоты заңсыз бұғатталған Фото: freepik

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауы нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдарының жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша, 15 кәсіпкерлік субъектісінің шоттарын бұғаттағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сәйкесінше, кәсіпкерлердің қызметі тоқтатылды.

"Прокуратура іс-әрекеттерді негізсіз деп таныды және қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде салық органының шешімдерінің күші жойылды. Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және басқа да кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен (лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуы) әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Сондай-ақ, прокуратура өз қызметін бастаған кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды және олар өз жұмыстарына кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу