Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртенді

205

Зардап шеккендер жоқ. 

Шымкентте 15 тонна сіріңке тиелген жүк көлігі өртенді Фото: видео скриншот

2025 жылғы 6 мамырда сағат 16:50-де Шымкент қаласындағы Жібек жолы көшесінде сіріңке тиелген жүк көлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 50 минут ішінде толықтай ауыздықтады.

Өрт салдарынан көліктегі 15 тонна сіріңкенің 5 тоннасы жанып кеткен. Қалған бөлігі аман сақталған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу