2002 жылы туған жас жігіт көше бойында ойнап жүрген үш бірдей баланы басып кетіп, нәтижесінде 7 жасар жеткіншек оқиға орнында мерт болды. Бұл жөнінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
"Жол-көлік оқиғасынан үш бала зардап шеккен. Өкінішке қарай, бір бала оқиға орнында қайтыс болған. Қалған екі бала түрлі дене жарақатымен Нұрсат шағынауданындағы Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілген",– делінген аталған хабарламада.
"Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болжамды құқықбұзушы уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды", – деп жазады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.