2004 жылы туған Аида Әбілданың ағасының айтуынша, ол 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Аида – Долана-Бұлақ колледжінің 1-курс студенті.
Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).
Қызды іздеу ДП басшылығының ерекше бақылауында.
Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуына болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу