Шымкентте 19 әскери қызметкерге пәтер кілті табысталды

1417

Биыл дәл осы "Тұран" шағынауданында 500 адамға пәтер қарулы күштер қызметкерлеріне үлестіріледі деп жоспарлануда.

Шымкентте 19 әскери қызметкерге пәтер кілті табысталды

Отан қорғаушылар күніне орай баспаналы болғандар 6506 "Ұлттық ұлан" әскери бөлімінің қызметкерлері. Олар қаладағы "Тұран" шағынауданында тұрғызылған жаңа тұрғын үйлерге қоныстанды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Олар пәтерді тұрғын үй төлемдерін алушылар кезегі арқылы қол жеткізген.

"Бұл жерде пайыздық мөлшерлемесі 8 пайызбен. Алғашқы жарнасы 15 пайыздан жоғары. Несие максималды 19 жылға берілді", – дейді ТҮҚЖБ-і филиалы директорының орынбасары Қуатбек Қоспанов.

Айта кету керек, облыс бойынша тұрғын үй кезегінде бүгінде 7 500 адам бар. Биыл дәл осы "Тұран" шағынауданында 500 адамға пәтер қарулы күштер қызметкерлеріне үлестіріледі деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу