Нақтырақ айтқанда, "Авто Нұр", "Орталық қырғы базар", "Алаш", "Айна", "Дархан", "Самал", "Нұр Сайрам" базарлары модернизация өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.
Оның ішінде "Нұр Сайрам" және "Дархан" базарларында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жалпы, ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Ал Шымкенттегі 19 базар модернизациядан өтуі тиіс. Оның 12-сінде жаңғырту жұмысы аяқталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу