Шымкент қаласының Абай ауданы прокуратурасының араласуынан кейін жалпы құны 2,2 млрд теңгеден асатын екі қойма кешенін салу жобасы бойынша мәселе шешілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокуратураның мәліметінше, "ДРЦ Туран" ЖШС және "Turkestan Logistic" ЖШС жүзеге асырып жатқан жобаларда жер учаскелерін пайдалану мерзімін ұзартуға қатысты мәселе туындаған.
Қадағалау актісі негізінде жобалар прокурорлық сүйемелдеуге алынып, субаренда шарттарының мерзімі ұзартылды. Нәтижесінде құрылыс жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр.
Қазіргі таңда "ДРЦ Туран" жобасының құрылыс жұмыстары 80%-ға, ал "Turkestan Logistic" жобасы 70%-ға орындалған.
Прокуратураның айтуынша, қабылданған шаралар инвесторлардың құқықтарын қорғауға, жобаларды уақытылы іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Шымкенттің логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.