Шымкентте 2,5 айлық сәбиге күрделі нейрохирургиялық ота жасалды

139

Бұл – елімізде өте сирек жасалатын оталардың бірі.

Шымкентте 2,5 айлық сәбиге күрделі нейрохирургиялық ота жасалды Фото: gov.kz

Дәрігерлер орталық жүйке жүйесінде ақауы бар, иық пен мойын тұсындағы нерв өрімдері үзілген сәбиге 5 сағатқа созылған ота жасап, сәтті аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тексеру қорытындылары бойынша күрделі нейрохирургиялы ота жасадық. Ота микрохирургиялық әдіс арқылы микроскоп құрылғысының көмегімен жасалды. Барлығы сәтті өтті. Нәрестеде ешқандай асқынулар жоқ", – дейді қалалық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері Таңсық Абдуллаев.

Шымкент қалалық балалар ауруханасы – еліміздегі ең ірі балаларға арналған емдеу орталықтарының бірі.

Мұнда тәулігіне 500-ден астам бала жедел медициналық көмек алса, 450-ден аса бала стационарлық емдеуден өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу