Шымкентте 2 мың орындық мектеп салынуда

357

Қалада жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушы саны соңғы екі жылда 23 мыңға артқан. 

Шымкентте 2 мың орындық мектеп салынуда Фото: inbusiness.kz

Қажеттіліктер ескеріліп, "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 37 700 орындық 25 мектептің құрылысы қарастырылған. Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы бекітілген. Алдағы жылы 20 400 орындық 13 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Қазір білім ғимаратын салуға елдімекен аумағынан 4, 2 гектар жер телімі бөлініп, құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес заманауи талапқа сай бой көтеретін білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі.

Құрылысы 2024 жылы аяқталатын 11 жайлы мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жобалаушы мекеме тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама қорытындысы қараша айына дейін әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу