Сол күні түсте әкесіне хабарласып, ауылға қайтатынын айтқан. Алайда бірнеше сағат өткен соң телефоны өшіп, содан бері байланысқа шықпаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Камера жазбаларында оның аялдамаға қарай жүргені ғана көрінеді. Соңғы дерек бойынша, 12Б немесе 12А автобустарына отырған болуы мүмкін", – дейді туысы Әйгерім Әбітаева.
Жоғалған жігіттің жақындары ауруханалар мен мәйітханаларды аралаған, алайда еш нәтиже жоқ. Шымкент қалалық Полиция департаменті іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"Жас жігітті іздеуге барлық қажетті күш жұмылдырылды. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ", – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, Бәйдібек Еділбек жақында ғана әскерден оралған. Туыстары кез келген ақпарат үшін хабарласуды сұрайды.