Шымкентте 20 жастағы жігіт қыз алып қашып, зорлады деген күдікке ілінді

384

Оқиғаны полиция анықтап жатыр. 

Шымкентте 20 жастағы жігіт қыз алып қашып, зорлады деген күдікке ілінді Фото: aikyn.kz

Шымкент тұрғыны бойжеткенді алып қашып, 20 жастағы қыз тұрмысқа шығуға келіспеген соң зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ақпарат Telegram-арналардың бірінде пайда болды.

"Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы бойжеткенді алып қашқан. Бірақ қыз көнбеген соң оны зорлаған. Жігіттің туыстары бұл туралы қыздың туыстарына сүйіншілеп, екі тараптың жақындары некеге өзара келіскен", - делінген ондағы жазбада.

Бірақ бойжеткеннің құрбылары жас қызға араша түскен. Қазіргі уақытта оқиғаны полиция анықтап жатыр.

"Аталған фактіге қатысы бар барлық адам полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу