Шымкентте 2021 жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді

1316

Шымкент қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Биылғы алғашқы үшемдер анасымен бірге бүгін перзентханадан шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Шымкентте 2021 жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді

28 жастағы Айткүл есімді қала тұрғыны біраздан бері ұл сүюді армандап жүрген еді. Арманы орындалып, өмірге бірден шекесі торсықтай үш ұлды әкелді.

Айта кетейік, туған сәтте үшемнің салмағы 1570гр, 1610гр, 1820 грамм болған екен. Қазіргі күні Бекасыл, Ерасыл, Жанасыл есімді балақайлар салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер екі аптаға жуық қалалық перинаталдық орталықтағы мамандардың бақылауында болды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен дәрігерлер жаңа туған нәрестелерге сыйлық табыстап, перзентханадан салтанатпен шығарып салды.

Бұл үш сәби – биылғы жылдың алғашқы үшемдері. Жыл басынан бері қалада 3753 сәби дүниеге келсе, олардың басым бөлігі ұлдар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу