Полиция аталған оқиғаға қатысты азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін күдіктіні ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілген еді.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің дерегіне сәйкес, адам өлтіру дерегі бойынша 1997 жылы туған азамат Аймахан Шерхан Әлмаханұлы күдікке ілініп отыр.
– Ол қылмыс орнынан HYUNDAI MUFASA маркалы автокөлікпен қашып кеткен. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі – 015AUY17, – делінген қалалық ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.