"Оқыс оқиға 10 мамыр күні кешкі сағат 22:00 шамасында "Нұрсәт" шағынауданында болған. Жер қазу жұмыстары кезінде "Тендер" серіктестігінің "SOLG" трактор-экскаваторы жер асты орта қысымды газ құбырын зақымдап, нәтижесінде диаметрі 160 мм газ құбырында ұзындығы 70 мм, ені 50 мм тесік пайда болған", – деп жазылған OTYRAR таратқан мәліметте.
Оқиға орнына жедел топ жетіп, газ тарап жатқанын анықтаған. 2 200 үй, 20 коммуналдық қызмет және бір мектеп газсыз қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу