Шымкентте ер адам кәсіпкердің 25 млн теңгесін жымқырған

391

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Шымкентте ер адам кәсіпкердің 25 млн теңгесін жымқырған Фото: Бейнежазбадан

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, 2025 жылғы қыркүйек айында азамат ЭТҚ қызметкері ретінде танысып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңгені иемденген.

Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу