Шымкентте 25 мың құты арақ тәркіленді

1205

Жалған өндірушілер ресейлік арақ маркаларын оңай олжа табуға пайдаланған. 

Шымкентте 25 мың құты арақ тәркіленді

Интерфакс Шымкент қаласында қолдан арақ жасап сатқан жасырын цехтың жұмысы әшкере болғанын хабарлады. Қаржылық мониторинг комитетінің дерегі бойынша заңсыз кәсіпті қалалық экономикалық тергеу департаментінің мамандары анықтаған.

"Тінту кезінде 25 мыңнан астам құтыдағы "Пшеничная", "Московская", "Медовая", "Русская крепость" маркалы қолдан жасалған арақ, 15 тонна спирт, 1 млн жасанды акциздік марка,  арақ тығынын жабатын құрылғы, 52 мың бос құты, 200 мың қаптама, 100 мың тығын, және 1,9 млн теңге тәркіленді", – делінген ресми мәліметте.

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ұйымдастырушылардың кім екенін анықталды. Қазір сараптама мен тергеу қатар жүріп жатыр",  делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жыл басынан бері қаржылық мониторинг комитеті қолдан арақ жасап сатқан 31 жасырын цехты әшкерелеп, 200 мың литрден астам спирт,  млн данадан астам құты, 1,5 млрд теңгенің қолдан жасалған арағын тәркілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу