Шымкентте 25 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестациядан өте алмаған

773

Шымкент бүкіл өңірдің арасында білім сапасы бойынша 20 орынның соңғысында тұр. 

Шымкентте 25 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестациядан өте алмаған Фото: exclusive.kz

Қаладағы 160 мектептің 52-сі аттестациядан өте алмаған. Тест сынақтарын тапсыра алмаған мұғалімдер арасында 20-25 жылдық өтілі бар ұстаздар да бар. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar сайтына сілтеме жасап.

"Жалпы біздің басшылыққа келгелі бері бар-жоғы 4 мектептің ғана директоры жұмыстан кетті. №106 мектеп, 43, 33 бірде-бірі қудаланған жоқ. № 33 мектепке қатысты өздеріңіз білесіздер. Ата-аналар шулап, мектеп апатты емес екендігі тәуелсіз сараптаманың қорытыныдысы анықтады. Осыдан кейін директорға шара қолдану керек пе, жоқ па? Шара көрілетін кезде директор өз еркімен жұмыстан босап кетті", - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

Оның сөзінше, Қайнар-бұлақтағы №106, 12 шағын ауданындағы №43 мектептердің басшылары ұжымдағы келіспеушіліктер себебінен өз еркімен жұмыстан кеткен. 

Қаладағы мектептерде 37 мың мұғалім жұмыс істейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу