Шымкентте 3 адам темір-бетон плиталардың астында қалды

1201

Шымкентте "Ордабасы" индустриалды аймағындағы бес қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлап, ішінде жүрген үш адамды басып қалған.  

Шымкентте 3 адам темір-бетон плиталардың астында қалды

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, "112" басқару пультіне күндізгі сағат 14:43-те Қапал батыр тас жолында орналасқан "Ордабасы" индустриалды аймағынан хабарлама келіп түскен. Жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайтын ғимараттың қараусыз қалғаны анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚазАқпарат-қа сілтемемен.

Оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, 1 кинологиялық топ жұмылдырылған. ТЖ департаментінің 18 қызметкері мен 1 кинологиялық есебі, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Осы қызметкерлер мен қызметтік иттердің көмегімен үйінділердің астынан 1967 ж.т., 1992 ж. т. және 1999 ж. т. 3 ер адамның денесі табылған. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себеп-салдары тексеріліп, анықталуда. Құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу