Шымкентте 3 тұрғын үй жобасы мақұлданды

1243

Шымкентте 3 тұрғын үй жобасы мақұлданды

Бүгін ОҚО өңірлік үйлестіру кеңесі "Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізетін жеке компанияның 3 жобасын мақұлдады, деп хабарлайды damu.kz.

Бірінші болып бірден екі жерде құрылыс жүргізіп жатқан "Ақмойнақ" компаниясы рұқсат алды. 2017 жылдың қыркүйек айында компанияға жылына 15,25%-бен екі нысанның құрылысын жүргізуге Казкоммерцбанктен несие желісі мақұлданған болатын. "Даму" Қоры 7%-ын субсидиялады, ал қалған 8,25% өзі төлейді.

Нысандар Тұран мөлтек ауданында орналасқан, қаланың әкімшілік орталығына жақын және 102 пәтерге есептелген, жалпы тұрғын-үй аумағы 7,0 мың шаршы метрден асады.

Жаңа тұрғын үй кешеніндегі таза өңделген пәтерлердің бағасы 1 шаршы метрге - 220,0 тг-ден аспайды, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы немесе тікелей 3 бөлмелі пәтерлерге дейін алуға мүмкіндік бар. Кешендер 2018 жылдың ақпан айында беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу