Шымкентте 3 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

95

Бала ауыр халде аудандық ауруханаға жатқызылды. 

Шымкентте 3 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті Фото: ЖИ

Оқиға 16 қаңтар күні күндіз Шымкенттегі Асар шағын ауданында болған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала көпқабат үйдің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үлкендердің қарауынсыз қалған үш жасар бала №13 үйдің бесінші қабатындағы №14 пәтердің терезесінен құлап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол терезенің жанында ойнап жүрген", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу