Шымкентте 3 жасар бала көлік моторына арналған сұйықтықты ішіп, уланды

639

Ол ауыр халде ауруханаға түсті. 

Шымкентте 3 жасар бала көлік моторына арналған сұйықтықты ішіп, уланды Фото: otyrar.kz

Баланың аузы, өңеші, асқазаны күйіп қалған, деген диагноз қойылды, деп жазады inbusiness.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

3 жасар Арман қазір анасымен бірге ауруханада жатыр. Ол сұйықтық ішкен соң бірден ауырып, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Сәби ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның ауыз қуысы, өңеші және асқазаны қатты күйіп қалғанын айтты.

"Менің күйеуім көлік жөндеуші, бұл сұйықтық үйде тұрған еді. Балам оны абайсызда ішіп алды", - деді баланың анасы.

Дәрігерлер балаға ауыр токсикалық улану диагнозын қойған. Емдеуден кейін сәбидің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды.

"Бала ауруханаға екі күн бұрын түсті. Қазір бактерияға қарсы препараттар, түрлі жақпамайлар қолданылып, ем алып жатыр", – дейді Орынбаев атындағы Гипербарикалық оксинегация орталығының токсиколог дәрігері Марат Кәкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу