Шымкентте 30 көпқабатты үй әлі күнге дейін газ баллонын пайдаланады

834

ТЖД мамандары осы мәселені көтерді.

Шымкентте 30 көпқабатты үй әлі күнге дейін газ баллонын пайдаланады

Шымкенттік мың отбасыға газ дабылқаққышы орнатылады. Әсіресе әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін қойылады. Әзірге бес жүзге жуығын қондырып үлгерген төтеншеліктер сақтық шараларын ұмытпауға үгіттеп жүр. Бүгін баспасөз мәслихатын өткізген ТЖД басшылары көгілдір отыннан улану оқиғалары 14 пайызға азайғанын айтты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Төтеншеліктер қаражат мәселесі шешілсе бұл жұмысты әлі жалғастырамыз деп отыр .Себебі биылдың өзінде газдан уланудың төрт оқиғасы тіркеліп, 5 адам мерт болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 37 пайызға төмен.

Түсіндіру жұмыстарына әлі 15 млн теңге бөлінеді деген жоспар бар. Бір өкініштісі, шаһарда 30 көпқабатты үйдің тұрғындары әлі күнге дейін газ баллонын пайдаланады. Осыны анықтаған сала мамандары жергілікті билікке ұсыныс хат жолдапты. Айтуларынша, екінші қабаттан жоғары газ баллонын пайдалануға тиым салынған.

"Соңғы жылдары салынып жатқан көпқабатты үйлерге табиғи газ кіргізіліп жатыр. Ал бұрынғы талап бойынша 5-қабаттан кейін электр қондырғылары қойылатын еді",– дейді Шымкент қалалық ТЖД бастығы Нұрблат Дербісов.

Осы саладағы және бір мәселе өрт сөндіру кезіндегі су себу үшін қолданылатын су шүмегі. Қалада 5 мың 250 су шүмегі бар, оның мыңға жуығы жөндеуді талап етеді. Ал бұл қондырғысыз өртті дер кезінде өшіру қиын. Бұл мәселені шешуге қосымша қаржы керек екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу