Үшінші мегаполисте көпқабатты отыз үйдің тұрғыны сығымдалған газды пайдаланып отыр, деп хабарлайды .
Төтеншеліктер қауіпті деп шешім шығарып, әкімдікке ұсыныс жасағанымен ешқандай нәтиже болмапты.
Тұрғындар электр қондырғыларын пайдаланып та көрген. Төлемі қалтаға ауыр тигендіктен, сығымдалған газға көшіпті.
Бұл үйлерге табиғи отын кіргізуге бюджеттен қаржы қаралмаған екен. Себебі үйлер жекешелендірілген.
"Ол үйлерге газ апарудың жалғыз жолы модернизация. Олар жекеменшік болғандықтан бюджеттен қаражат бөлінбейді, ол заңсыз", – дейді қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөзов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу