Шымкентте 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

166

Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы азаматтар баспаналы болды.  

Шымкентте 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды Фото: gov.kz

Шымкентте тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Отбасы банк" АҚ-ның "2-10-20" және "5-10-20" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында 30 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

Жаңа пәтерлердің кілтін тұрғындарға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Баспаналар Бозарық шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерден берілді.

Пәтер иелері қатарында көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар жанұялар және бюджет саласының қызметкерлері бар.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру арқылы шымкенттіктердің баспана мәселесін шешуге және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік жасалып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу