Шымкентте 32 шетел азаматы елден шығарылды

442

Бұл туралы inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте 32 шетел азаматы елден шығарылды Фото: видеодан скриншот

"Мегаполис аумағында заңсыз көші-қонның жолын кесу, шетелдіктер арасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жүйелі жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, мегаполис сақшылары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын сақтауын қатаң бақылауға алған", делінген хабарламада.

Мәселен, 2023 жылдың 3 айында Шымкентте 3591 шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар тіркеуге алынды. Оның ішінде, 218 азамат алыс шетелден, 3373 адам ТМД елдерінен келген.

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған 873 шетелдік пен ҚР-сы азаматтары анықталып, заң жүзінде жауапкершілікке тартылды. Оның 439-ы – өзге елдің азаматы. Сот шешімімен 32 шетелдік ел аумағынан аластатылды. 

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 59 тұлға мен оларды тұрғын үймен қамтамасыз еткен 204 Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шымкент полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын көші-қон заңнамасын бұзбауға шақырады. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланбауды және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етпеуді ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу