Шымкентте 4 адам көмірқышқыл газына уланып, көз жұмды

444

Қаза тапқандардың арасында 12 жасар қыз бар. 

Шымкентте 4 адам көмірқышқыл газына уланып, көз жұмды Фото: azattyq-ruhy.kz

“ҚазТрансГаз” баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада екі күнде 3 жазатайым оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапты. Көз жұмғандардың барлығы жуынатын бөлмеде және моншада табылған.

Бірінші оқиға 6 наурызда түн ортасында болды. 2010 жылы туған қыздың денесін ата-анасы жуынатын бөлмеден тапты.

"Шақыру орнына сағат 00.32-де келген апат бригадасы газ аспаптарын монтаждау шарттарының бұзылғанын анықтады. "TEPLOLUXE" маркалы ағынды су жылытқышы және "STURM" маркалы едендік жылыту қазандығы көлемі 3-те 3 метр ваннаның үй-жайында орнатылған. Желдету арнасы болмаған, желдеткіш бар. Ағынды су жылытқышының гофра түтін құбыры түтін құбырынан ажыратылған. Ағынды су жылытқышы мен жылыту қазандығына арналған газ құбыры пластикалық құбырдан жасалған. Үйішілік газ жабдығы бойынша техникалық қызмет көрсету шарты жоқ. Жазатайым оқиғаның себептері анықталып жатыр",-деп хабарлады "ҚазТрансГаз" баспасөз қызметі.

Сол күні Тельман бөлімшесінде 48 жастағы ер адам қайтыс болды. Оның газды су жылытқышы дұрыс орнатылмаған жуыну бөлмесінде көз жұмғаны белгілі болды.

Үшінші оқиға 7 наурызда тіркелді. Достық шағын ауданындағы жеке үйдің моншасында 59 және 60 жастағы екі адамның денесі табылды. Газ қызметінің мамандары газ құрылғыларын орнатуда көптеген бұзушылықтарды анықтады.

"Шақыру орнына сағат 18.02-де келген апат бригадасы газ аспаптарын монтаждаудың бұзылғанын анықтады. Жазатайым оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деп атап өтті ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу