Шымкентте 4 қабатты мектеп салуға рұқсат берілді

799

Шымкентте 4 қабатты мектеп салуға рұқсат берілді

Шымкентте мектеп саны көбейетін болды. 2020 жылға дейін үш ауысымдағы мектеп мүлдем болмайды. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдіктің отырысында айтылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұрын қалада төрт қабатты мектеп салуға рұқсат берілмейтін. Енді құрылыс нормалары мен ережелеріне енгізілген өзгерістерден соң Шымкентте 3 мың орындық төрт қабатты мектеп салынады.

Құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, құрылыста ешқандай мәселе жоқ. Жұмыс ойдағыдай жүріп жатыр. Қазіргі таңда 11 білім мекемесінде, яғни 10 мектеп пен 1 балабақшада монтаж жұмыстары жүріп жатыр. 6 мектеп пен балабақша енді салынып жатыр. 5 жаңа мектеп биыл пайдалануға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу