Шымкент қаласында 4 жасар ұл баланың қолы ет тартқышта тұрып қалды, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға 22 шілде күні сағат 19.02-де болған. Тұран шағын ауданында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жасар ұл балаға көмек қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен.
"Жедел-құтқару жасағының құрамында 4 адам бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетті. Олар баланың қолын ет турағыш құралы шайнап қалғанын, салдарынан қолын шығара аламай жатқанын анықтады. Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарды қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты", - делінген департамент таратқан ақпаратта.
Ұл балаға медициналық көмек қажет болғандықтан, ол оқиға орнына жеткен медицина мамандарына тапсырылды.