Шымкентте 40 млн теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды

626

Күдікті мемлекет тарапынан қайтарымсыз пәтер алып беремін деп сендірген.

Шымкентте 40 млн теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Шымкентте 40 млн теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды,  деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

"Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтарға алданғанын жеткізеді. Егде жастағы әйелдің айтуынша, 3 наурызда белгісіз азаматша мемлекет тарапынан қайтарымсыз пәтер алып беремін деп сендірген. Содан белгілі мекенжайда алаяқ әйел 9 млн теңгені қолды қылып, қазіргі уақытқа дейін алдап келгенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды"- деп жазады ақпарат көзі.

Дәл осындай жағдаймен полицияға тағы бірнеше тұрғын шағымданған. Жедел-іздестіру жүргізіліп, күдікті әйел ұсталды.

Айта кетсек, бір жарым жыл ішінде Шымкент пен Түркістан облысының тағы 39 тұрғыны оның құрбаны болған. Олардың кейбіріне пәтерден бөлек, бизнесін қолдау үшін мемлекеттен ақша да уәде етілген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 40 миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу