Шымкентте 45 адам табиғи газдан уланды

917

Оның 41-і  – оқушы.

Шымкентте 45 адам табиғи газдан уланды

Шымкентте табиғи газдың ауаға таралуынан 45 адам уланып қалды, оның ішінде 41-і оқушы, деп хабарлады еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин.

Кеше Шымкентте 16:40 шамасында аумақтық департаментке қалалық ауруханаға улану белгісімен оқушылар түсіп жатқаны хабарланған. Алғашқы уақыттарда 30 адам түскен, оның екеуі – ересек. Одан кейін 6, ал таңға жуық тағы 9 адам түскен. Барлығы  – 45 адам, оның 41-і оқушы, ал 4-уі ересек адам", – деді Бекшин журналистерге.

Оның айтуынша, улану мектептен 600 метр қашықтықта орналасқан газ тарататын шағын станциядан шыққан газдан орын алған.

"Балалар бас айналу, жүрек айну, және естен тану белгілерімен түскен. Қазір олардың бәрі тексеруден өтіп, жағдайлары жақсарған соң үйлеріне жіберілген. Ауруханажа қалғаны жоқ", – деді бас санитар.

Шымкенттің газ қызметі орынға жетіп, барлық ақауды ретке келтірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу