Шымкентте заңсыз автокортеж ұйымдастырып, жол қозғалысына қауіп төндірген бес жүргізуші жауапқа тартылды.
Құқық бұзушылық бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзып, топтасып жүрген бес көлікті байқап қалған.
Тексеру кезінде жүргізушілердің жолда қауіпті маневрлер жасап, басқа көлік жүргізушілеріне кедергі келтіргені және апатты жағдай туғызғаны белгілі болды.
Осы деректер бойынша барлығына әкімшілік шара қолданылды. Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция жолда жарысу мен қауіпті маневр жасау өзге адамдардың өміріне қатер төндіретінін ескертті.