Шымкент қаласында төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары атпен бірге 5 метрлік шұңқырға құлап кеткен жасөспірімді құтқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2012 жылы туған жасөспірім атпен серуендеп жүріп, абайсызда шұңқырға құлаған.
Құтқарушылар жедел жетіп, альпинистік құралдардың көмегімен баланы жоғарыға шығарып алды. Жасөспірім тексеру үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Ал жылқы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, автокранның көмегімен шығарылып, иесіне қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу