Шымкентте 5 жасар бала терезеден құлап кетті

687

Баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп жазады inbusiness.kz Otyrar.kz сілтеме жасап.

Шымкентте 5 жасар бала терезеден құлап кетті

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға күндізгі сағат 15:19-да Ақжайық шағынауданындағы №2 бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған ұл бала абайсызда үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған.

"Бала дереу балалар ауруханасына жеткізіліп, "бел омыртқасының сынуы, іштің түтіккен жарақаты, жабық бас сүйек-ми жарақаты" деген диагноз қойылды, жағдайы ауыр. Жыл басынан бері қалада 5 терезеден құлау оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайда балалар жарақат алған", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу