Шымкентте 5 жылда 85 мектеп салынады

534

Жыл басында бір компьютерге 28 оқушы кіріптар болған. 

Шымкентте 5 жылда 85 мектеп салынады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн брифинг өткізіп жатыр. Әкімнің айтуынша, шымкенттік оқушыларға қашықтан білім алу оңай болмай жатқан көрінеді. Жыл басында қала мектептеріндегі бір компьютерге 28 оқушы кіріптар болып келген. Осы кемшілікті жою үшін мыңдаған компьютер сатып алынған. Соның өзінде жағдай көңіл көншітпейді.

"Қазір қалада 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 5100 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Алдағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысы бойынша арнайы жоспар әзірленді. Осының есебінен ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Қашықтан оқыту мақсатында ағымдағы оқу жылында  47 330 компьтер алды. Нәтижесінде жыл басында 28 оқушыға бір компьютер келсе, қазір 4 оқушыға бір компьютер келеді", - деді шаһар басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу