Шымкентте 5 жылдан бері салынып жатқан көпір құрылысы бітер емес

1433

Шымкенттегі Жаңа қала шағын ауданында Темірлан тас жолының үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің салынып жатқанына 5 жыл болған.

Шымкентте 5 жылдан бері салынып жатқан көпір құрылысы бітер емес

Жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы сағызша созбаламға салынуы салдарынан жауапты басқарма басшысы қызметінен кеткен. Десе де, көпір құны ашық айтылмай отыр.

"Сақалды құрылыстың қала ортасында тұрғанына 2 жылдан асты. Мердігер оның айналасының бәрін қазып тастаған. Түнде маңынан өткен адам байқамай қалып ішіне түсіп кету қаупі бар. Қауіпсіздік шаралары мүлде сақталмаған. Бүгінде оның маңында жүмыс жасап жатқан бірде-бір жұмысшы жоқ. Жұмысты қай мекеме бақылауында ұстап отыр? Жауапты басқарма басшысына звондап хабарлассам, уақытша міндетін атқарушы екен. Уақытым жоқ деп басын алып қашады. Оның қаржысы игерілмей қалмай ма",–деп қоғам белсендісі Анар Сүлеева қала басшылығына сауал жолдаған.

"Мен сізді түзеп кетейін. Ол көпірдің тұрғанына 2 жыл болған жоқ. Биыл 5-жыл болды. Менде де 5 жылдан бері неге ол бітпейтін көпір? Енді соған жауапты басқарма басшысы сондай олқылықтары үшін жұмыстан кетті. Көпірдің қаржысының бәрі игеріліп кеткен. Әлі бітпеген. Қаржының игерілуімен тиісті органдар айналысатын шығар? Мен өзіме дейінгі азаматтар үшін жауап бере алмаймын. Қазір сол көпірді келер жылы бтіру жөнінде тапсырма бердік. Барлық талдауын жасап жатыр. Тек ол бір көпір емес, тура сол сияқты көптеген көпір бар қалада. Басталып бітпей әлі тұрған. Е халықтың пайдалануына берілмейді, е басқаға берілмейді",–дейді Шымкент қаласы әкімінің жуырда тағайындалған орынбасары Ербол Садыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу