Шымкентте есірткі саудасымен айналысқан Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіден жалпы салмағы 150 грамнан асатын мефедрон салынған 50 орама тәркіледі.
Тексеру кезінде оның биылғы ақпан айынан бері заңсыз есірткі саудасымен айналысқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу