Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін сатып алған

306

 Куәлікті сатқан қылмыстық топ қолға түсті.    

Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін сатып алған Фото: gov.kz

Қаржы мониторингі агенттігі мен прокуратураның бірлескен тергеуі нәтижесінде кемінде 500 адам емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2023-2024 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы мен қызметкерлері жүргізуші куәліктерін пара арқылы рәсімдеуге жағдай жасаған. Мұндай қызмет құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.

Ұйымдасқан қылмыстық топ кемінде 150 миллион теңге табыс тапқан.

Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды.

Қазір іс бойынша 15 адам айыпталушы ретінде танылып, материалдар сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу